» » Егер бүйрегіңізде тас болса, не істеуге болмайды?

Егер бүйрегіңізде тас болса, не істеуге болмайды?


Бүйректе жиналған тас жағымсыз, бірақ жиі кездесетін мәселе. Әдетте аурудың белгілері қатты ауырсыну арқылы сезіледі. Қалай тас түзілуінің алдын алуға болады? Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді.

Бүйректе тас неліктен пайда болады?

Бүйрек тасы зәр кристалдарынан пайда болатын түйін. Көптеген адамда тастың пайда болуы организмдегі табиғи химиялық заттардың алдын алады. Бірақ егер жеке себепке байланысты кальций немесе зәр қышқылы жиналса, бүйректе тас пайда болады.

Бүйрегіңізде тас пайда болды. Не істеу керек?

Бүйрек жағыңыз ауырып, тексеру нәтижесінде тас жиналғанын білсеңіз, дәрігердің нұсқаулығын орындау қажет. Сонымен қатар, әрі қарайғы әрекетті жоспарлау үшін тастың мөлшері мен санын, құрамын анықтау өте маңызды. Денсаулыққа қатысты жалпы нұсқаулық - ол жаман әдеттен бас тарту, стрессті азайту және белсенді өмір салтын сақтау.

Егер бүйрегіңізде тас болса, не істеуге болмайды?

Суды аз ішу. Күн сайын жеткілікті мөлшерде ауыз су ішу бүйрек тасының пайда болуын болдырмаудың ең жақсы әдістерінің бірі. Су зәрді аз шоғырландырып, күнделікті көлемді қамтамасыз етеді. Алайда, егер сіз газдалған немесе грейпфрут сусынын ішсеңіз, бұл әдіс жұмыс істемейді.

Тәулігіне судың жеткілікті мөлшерін дене салмағының 1 кг үшін 25-30 мл су формуласы бойынша есептеуге болады.

Тұтынуға болмайтын тағамдар тізімі. Ас мәзіріңізден шпинат, шоколад, бидай кебегі, жаңғақтар, қызылшаны алып тастауыңыз керек. Себебі олардың құрамында бүйрек тасының пайда болуына ықпал ететін оксалат көп.

Өзіңізге кальций мен С дәрумені бар қоспаларды тағайындап алу. Кальций қоспаларын дәрігер немесе нутрициолог тағайындап бергенде ғана ішу керек. Құрамында кальций бар диеталық қоспаларды өзіңіз тағайындаудан аулақ болыңыз.

С дәрумені бар қоспаларды жоғары дозада қабылдауға болмайды. Егер күніне 1000 мг витамин дозасынан асып кетсеңіз, сәйкесінше денеде оксалат көбейіп, тас түзілуіне әкелуі мүмкін.

Ақуызды көп тұтыну. Ақуыз - пайдалы қоректік зат. Бірақ оны шамадан тыс көп тұтыну бүйректің кальцийді көбірек шығаруына әкеледі.

Тұзды тағамдарды көп мөлшері. Тұзды көп тұтыну зәрдегі кальцийді арттырады. Бұл тастың пайда болу ықтималдығын арттырады.

massaget.kz​​​
21 қыркүйек 2023 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930