» » Әлемдегі ерекше музейлер

Әлемдегі ерекше музейлер

Көп адам Леонардо да Винчидің «Мона Лизасын», Ван Гогтың «Жұлдызды түнін» көргісі келеді. Бұлардың қатарына әлемдегі ерекше музейлерді де қосуға болады.

1. Канкун су астындағы өнер музейі, Мексика
Бұл әлемдегі ең үлкен су асты музейі. Музейде 500 мүсін орналасқан, олардың көпшілігі Британдық мүсінші Джейсон Декейрс Тейлорға, ал қалғандары жергілікті мексикалық мүсіншілерге тиесілі.

2. Микропия, Амстердам
Бұл микробтар туралы ақпарат беретін әлемдегі жалғыз музей. 

3. Халықаралық тыңшылық музейі, АҚШ
Халықаралық тыңшылық музейі келушілерді тыңшылық пен барлау әлемі туралы қызықты түрде деректермен таныстырады. Құпияға толы тақырыптарды ашудың тарихтағы маңызды рөлін түсінуге және оны бүгінгі күні қолдануға мүмкіндік береді.
Мұнда шпиондық артефактілердің ең үлкен коллекциясы бар.

4. Мумия музейі, Мексика
Музейде жүзден астам мумия қойылған. Олардың көпшілігі 1850-1950 жылдары Гуанахуато тұрғындары болған. Музейде әлемдегі ең кішкентай мумия да бар.

5. Кеспе музейі, Жапония
Алғашқы тез дайындалатын кеспені (раменді) Момофуку Андо 1958 жылы ойлап тапқан. Содан бері ол бүкіл әлемге танымал болды. Осакадағы музей келушілерге тез дайындалатын кеспенің ашылуы тарихы мен түрлерін таныстырады. Сондай-ақ музей қонақтары сол жерде кеспе дайындап жей алады.

 


03 маусым 2023 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728