Жұртты шошытқан адам бейнесінің тарихы

Бір күні Эдвард Модрейк дәрігерге хат жазады. Онда "Менің екінші бетімді алып тастамасаңыз өмірім тозаққа айналып бара жатыр. Өтінемін, дәрігер мырза, мені одан кұтқарыңыз!" – делінген. Бірақ, дәрігерлер мұндай операция жасау Эдвардтың өміріне қауіп екенін алға тартып, бас тартқан. Ешкімде кездесе бермейтін бұл азаптан құтылуға асыққан Эдвард 23 жасында у ішіп қайтыс болады. Өмірінің соңында бір жапырақ кағазға «мен өлгеннен кейін екінші бетімді алып тастауларыңызды сұраймын, тым болмаса жер қойнауында тыныштық берсін...»
Ая Алиева