» » Қалтаның қамы: Бургерді үйде дайындау қаншалықты тиімді?

Қалтаның қамы: Бургерді үйде дайындау қаншалықты тиімді?

Қалтаның қамы: Бургерді үйде дайындау қаншалықты тиімді?
Қыздардың біраз бөлігі дәмді тағам жасай алады. Оған мүмкіндігі де, уақыты да, жағдайы да жетеді. Тек анда-санда ықыласы болмай қалады. Ықыластың болу-болмауы әйел адамдардың асханаға кіруі үшін айтарлық маңызды нәрсе. Егер ықыласымыз болып тұрса, біз тамақтануға табысымыздың жартысын жұмсамас едік.
Айтпағымыз мынау – біз дәмханаларда бағасы қымбат, бірақ мөлшері аздау тағамдарды үйде де жасай аламыз ғой? Білмедім деп айтушы болмаңыз. Білмесеңіз – қалтаңыздағы телефонның үнемі қосылып тұратын интернеті көмекке келеді. Интернет чат құрбыларыңмен әңгіме қыздыру үшін ғана керек емес қой? Интернеттің аясы кең. Сүңгіп кетсеңіз, ішінен кем дегенде өзіңіздің қолыңыздан келетін және үйде бар өнімдердің басын құрап тез-тез дайындап жіберетін оңай, әрі ерекше тағамдардың 10 рецептін алып шығасыз.
Қаласаңыз, есептеп көрейік:
Сіз бургер дәмханасынан арзан дегенде бір бургерді 750 теңгеге сатып аласыз.
Оның қасына салқын сусын мен қуырылған фри картобына да тапсырыс бересіз. Сусынның жарты литрі – 130 теңге десек, фри қаптамасы – 500 теңге.
Сонда бір адамға – 1380 теңге.
Ал үйде осы 1380 теңгемен бір отбасыны тойдырасыз. Есесіне – қолдың бургерін жейсіздер. Сонымен қатар, қалай жасалғанына да күмәнмен қарамайсыздар.
Бургердің бөлкесін жасау үшін басқа майда-шүйде қоспаларын есептемегенде 2 стақан ұн керек. Екі келілік жоғарғы сапалы ұнның өзі 330 теңге тұрады. Оның бір келісін бөлке пісіруге жұмсасақ, 165 теңге болады. Шамамен алып қарағанда бізге бургердің бөлкесін жасау үшін 200 теңге кетеді.
Ал туралған сиыр етінің 1 келісі – 1200 теңге. Котлет дайындау үшін бізге жарты келісі де жетеді. Демек біз 600 теңгеге жарты келі туралған ет алып котлет дайындаймыз.
Салат жапырағының бір данасы – 100 теңге.
Қызанақтың жарты келісі – (жазда одан да арзан) – 150 теңге.
Сырды 100 теңгеге алуға болады.
Бәрін есептегенде – 1150 теңге+200 теңгеге пайдалырақ сусын алуға болады. Немесе тегін қара судан шай қайнатып ішіңіз.
Міне, біз бүгін 1350 теңгемен үйден тамақтанудың жолын қарастырып көруге тырыстық. Бұл – бір адамды ғана тойдыратын қаражатпен бірнеше адамның асқазанынан алғыс алудың жолы. Әйткенмен, тамақтануға келгенде әлдекімнің аузын аңдымаймыз, өзіңіздің патша көңіліңіз білсін! Ас болсын!
23 сәуір 2018 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031