» » Мобильді қосымшаның артықшылығы көп

Мобильді қосымшаның артықшылығы көп

МӘМС жүйесі бойынша жеңілдік санатқа жатқызылған азаматтар сақтандыру мәртебесін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ала алады. Сондай-ақ, осы қосымша арқылы емдеу мекемелеріне шағым түсіруге болады.

18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала күтіміндегі әйелдер, мүгедек баланы бағушы, Ұлы Отан соғысының ардагері; жұмыс істемейтін оралмандар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иегері, студент секілді 15 санатқа жататын адамдарға жарнаны мемлекет төлейді. Алайда олар өз мәртебесін нақтылау қажет. Егер, жеңілдік санатына жатқызылған азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған болып шықса, олар тиісті құжаттарды «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына жүктеу арқылы, сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. Аталмыш қосымша және Call-орталықтары арқылы жыл басынан 14 шағым түскен.

- Біздің басты мақсатымыздың бірі -тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына бақылау жүргізіп, олардың құқығын қорғау. Халық жаңа жүйені әлі толық меңгермегені байқалады. Мәселен, емделушінің құқығы бұзылса, қайда хабарласатынында білмейді. Сондықтан, арнайы қосымшалар іске қосылды. Онда келіп түскен өтінішті дер кезінде қарап, оң шешімін шығарамыз. Емделушілерге сала мамандарынан кеңес алуға да мүмкіндік қарастырдық, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Айта кетейік, МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.
24 ақпан 2021 ж. 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031