» » Сириядан сағы сынып, сал болып оралған келіншек бастан кешкен оқиғасын айтты

Сириядан сағы сынып, сал болып оралған келіншек бастан кешкен оқиғасын айтты

Кіндік қаны тамған туған жерін тәрк етіп, «Халифаттан» жұмақ іздеп, жарының етегінен ұстап кеткен әйелдердің саны көп. Солардың бірі — 53 жастағы Сағида елге мүгедек болып оралды.
Ерінен айырылған келіншек сол бір зұлмат уақытты көз жасынсыз есіне алмайды.
Әйелдің басынан кешкен оқиғасын Алматыдағы Оңалту орталығының мамандары жазып алған.
Сағида қан төгіске толы Сирияның топырағын бірінші рет 2013 жылы басқан.
Оның күйеуі 1 жыл бұрын барған.
Жат елге келе салысымен бірінші кезде бәрі жақсы болған. Кейін аласапыран дүние басталды.
«Бізде баламыз жоқ еді. Ол жақта күйеуім қарсы алды. Жылап-еңіреп, әйтеуір, жеттік-ау Сирияға! Алғашында бәрі жақсы болды. Кейін Кишмадан Бағузға дейін қатты қиындық көрдік. Жаяу әскер көрмедік, ауыр артиллерия болды ол жерде. Әсіресе, әуеден бомбалау қорқынышты еді…», – дейді әйел. Күйеуі 3 жылдан соң бомбаның астында қалып, көз жұмған. Жалғыз қалудан қорыққан Сағида Ресейдің Әли деген қазағымен бас қосады. Күрдтердің лагеріне апарар жолда ол күйеуінен адасып қалады. Кейін бұл күйеуі құқық қорғау органдарының құрығына түскенін біледі.
«Күйеуім бүгінде түрмеде отыр. Екі күйеуім де ДАИШ-тың құрамында болды. Біз кішкене қателік жібердік, асығыстық жасаппыз. Ол жақта не болып жатқанын көзімізбен көрдік. Саясат ол жақта, мұнайға таласып жатыр. Түсінбей жүрген «бауырларға» асығыстық жасамаңдар дер едім. Ол жақта басқа елдерден келгендерге жаман қарайды. Арабтардың тамақтары тоқ, ақшасы бар. Ал біздер, жан-жақтан келгендер, ашықтық, ақшамыз болмады. Мен баланың үлкенімін. Мен жоқта әкем қайтыс болыпты. Оны осы жаңа естіп отырмын… Анам бар. Бізді елге алдырған Елбасыға, Президентке рақмет! Қанша сәбидің, әйелдердің өмірін сақтап қалды. Өте разымын», - деді ол.
Әйел жат елден мүгедек боп оралды. Суға шыққанда содырлардың жаудырған оғының астында қалған. Қаңғыған оқ әйелдің сан сүйегін шағып кеткен. Соның кесірінен Сағида қазір арбаға таңылған.
Алайда ол сүйегіндегі темірлерін алған соң жұмыс істеп елге пайдасын тигізу ниетін де жасырмады.
«Мен бұрын тігінші болғанмын. Емделіп алған соң ешкімге салмағымды салмай, жұмыс істегім келеді. Үкімет бізді Сириядан әкелуге қырауар ақша жұмсады, өте ыңғайсыз», – деді Сағида.
Сирияға кеткен отандастарымыз бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен «Жусан» операциясы арқылы елге қайтып жатыр.
Осы уақытқа дейін «Жусан-1» операциясынан - 47 адам, «Жусан-2» операциясының арқасында - 231 адам, «Жусан-3» операциясы арқылы 300-ге жуық адам елге қайтқан. «Жусан-4» операциясының арқасында қанша адам келгені нақты белгісіз.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлағандай, бүгінде 506 бала Сириядан қайтып келді. Қазіргі таңда елімізде жасөспірімдерді қолдауға арналған 15 әлеуметтік-психологиялық, құқықтық орталық жұмыс істеп тұр. Орталықта тәулік бойы стационарда 14 балалы 4 ана бар. Қалғандары күндізгі стационарда. 254 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Яғни, ол балалар мектепке дейінгі ұйымдарға барып жүр.
Мектептерде 153 бала оқып жатыр. Сондай-ақ жетім қалған 33 бала бар. Олар жетімдерге арналған ұйымдарға таратылды.
 
Гүлмира Ғосманәли

ҚазАқпарат

01 қазан 2019 ж. 1 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031