» » GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды

GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды



Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны туралы ақпарат ресми түрде жарияланды, деп хабарлады "Хабар 24".

8 маусым күні Головкинге қарсы рингке шығуға канадалық боксшы Стив Роллс бел буыпты. DAZN стриминг желісімен ресми серіктес журналист Крис Мэнникс өзінің твиттер парақшасында хабарлады. 

Сонымен қатар, канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 KO) Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілу үшін рингке шықпайтынын айтты. 

«DAZN мен GGG-ге маған осындай тамаша мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін. Мен өзімді осал боксшылардың қатарынанмын деп есептемеймін, Головкин қарапайым адам ғой, екеуміздің арамызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз есімімді орта салмақтағы мықтылардың қатарына қосқым келеді», - деді боксшы. 

Головкин-Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Боксшылардың шайқасына билеттер 27 сәуірден бастап сатылады.





17 сәуір 2019 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 234
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031