» » Геннадий Головкин жаңа телесеріктес таңдады

Геннадий Головкин жаңа телесеріктес таңдады

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа телесеріктесті таңдаған сыңайлы. Worldboxingnews.net порталының мәліметінше, жақын күндері Головкиннің DAZN стримингтік қызметімен келісімшарт жасасқаны жария етіледі. Басылым болжамынша, бұл Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның GGG мен Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты айтқанын растап тұр.

«Күмән жоқ, бұл жекпе-жекті тамашалайтын боламыз. «Канело» мықтылармен жұдырықтасқысы келеді. Үшінші ретте «Канело» оны нокаутқа түсіретініне сенімдімін», – деген еді Де Ла Хойя.

«Де Ла Хойяның жуырдағы Головкин – «Канело» трилогиясы жайлы мәлімдемесі бір нәрсені ғана білдіреді. Жақын күндері GGG DAZN-мен соңғы ірі келісімшарт жасаушы ретінде таныстырылады. HBO бокстан кеткеннен кейін Головкин барлық негізгі телекомпаниялармен келіссөздер жүргізді. DAZN қазір көш басында, ал Showtime жалғыз балама. Жақын арада құлағдандыру жасалатын шығар, өйткені Головкиннің рингке оралуына аз уақыт қалды», – деп жазады басылым.

30 қаңтар 2019 ж. 1 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 678
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 430

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031