» » Еліміздің боксшы қыздары Сербиядағы сайысты сәтті бастады

Еліміздің боксшы қыздары Сербиядағы сайысты сәтті бастады


Сербияда әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды.
Olympic.kz қазақстандық боксшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынады.  Айзада Еслямғали ресейлік Галиуса Галиеваны 3:2 есебімен жеңді.
Жансая Әбдірайымова тағы бір ресейлік спортшы Анна Поскребышевадан басым түсті.
Әлем чемпионы Назым Қызайбай франциялық Дельфин Мансиниді 3:0 есебімен ұтса, Дина Жоламан хорватиялық Татьяна Кошакты айқын басымдықпен жеңді.
Сәния Сұлтанқызы Македония өкілі Тамара Радуновичті 5:0 есебімен жеңсе, Әлия Әбдірайымова ринг қожайыны Николина Гаичтен басым түсті. 
Қазақстан құрамасының қос өкілі Баян Ақбаева мен Ләйла Құсайынованың кездесуі Баянның жеңісімен аяқталды.  Ал Әйгерім Қасенаева, Айжан Мәдібек, Балауса Мұздимандар қарсыластарына жол беріп, жеңіліс тапты.

17 қаңтар 2019 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031