» » Футбол: Ұлттар Лигасын қазақстандық телеарналар көрсетеді

Футбол: Ұлттар Лигасын қазақстандық телеарналар көрсетеді

Футбол: Ұлттар Лигасын қазақстандық телеарналар көрсетеді
6 қыркүйекте басталатын УЕФА-ның жаңа турнирі - «Ұлттар Лигасын» қазақстандықтар Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тамашалай алады. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан» корпорациясы «Ұлттар Лигасы» матчтарын трансляциялау құқығына ие болды. 2018 жылдың 6 қыркүйегінен 20 қарашасына дейін Qazaqstan мен Qazsport телеарналары Ұлттық құрамаларға арналған УЕФА-ның жаңа турнирінің қызықты кездесулерін көрсетеді. Ең алдымен, Корпорация D Лигасында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының матчтарын көрсету құқығына ие болды. Сонымен бірге құрамы бойынша ең мықты А Лигасындағы ойындарын көрсету құқығы алынып отыр. Онда Еуропаның ең мықты Ұлттық құрамалары: Германия, Англия, Испания, Италия, Хорватия, Франция, Нидерланды, Бельгия және өзге елдердің футболшылары өнер көрсетеді», - дейді ол.
Ерлан Қариннің жазуынша, жаңа турнирдің старты дәл осы Астанада басталады. Нақты айтқанда, «Астана-Аренада» 6 қыркүйек күні Қазақстан мен Грузия командалары кездеседі.
«Аталмыш турнир бұрын Еуропа чемпионатына түсіп көрмеген командалар үшін бірегей мүмкіндік болып отыр. Сайыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ЕУРО-2020 іріктеуіне өтеді. Сонымен қатар, дәл осы Астанада УЭФА Конгресінде 2014 жылы «Ұлттар Лигасы» турнирін құру туралы шешім қабылданған болатын. 6 қыркүйек күні сағат кешкі 20:00 кезінде Қазақстан мен Грузия елдері құрамаларының кездесуін Qazsport арнасынан жіберіп алмаңыздар. Сондай-ақ, барлық кездесулерді Qazaqstan TV мобильдік қосымшасы арқылы да көруге болады», - дейді Ерлан Қарин.
inform.kz

03 қыркүйек 2018 ж. 990 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 20:36
Lilly Cialis 5mg cheapest cialis 20mg Levitra Comment Le Prendre Cialis Comprare Online Clomid Je Veux Un Bebe

StevMype от 8 мамыр 2019 16:16
Viagra Cialis Wirkung Canadian Family Pharmacy Ed Meds Buy Sertraline Online Uk generic cialis canada Amoxicillin Effect On Kidneys Is Cephalexin Used For Abscess Tooth

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930