» » Азиада-2018: Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин финалға шықты

Азиада-2018: Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин финалға шықты

Азиада-2018: Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуде Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол іріктеу кезеңінде мәреге екінші болып келді. Оның көрсеткіші - 1.00.07. Бірінші орында біздің спортшыдан сәл ғана озып кеткен қытайлық спортшы тұр.
Дмитрий Баландин жарақатына байланысты 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды. Дәл осы қашықтықта Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
Ал осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Әлібек Қамзенов іріктеу кезеңінде 14-ші орынға шығып, жарыстан тыс қалса, тағы бір отандасымыз Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде 52.99 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Әділбек Мусин өз тобында Рио Олимпиадасының чемпионы, сингапурлық Джозеф Скулингті ғана алдына жіберіп, екінші нәтиже көрсетті.

Жалпы есепте 5-ші орын алған жерлесіміз енді финалдық бәсекеде бақ сынайды.
Ақтық сайыс бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 17:00-де өтеді.

22 тамыз 2018 ж. 1 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930