» » Ресми: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Ресми: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакинада рейтинг жаңартылғаннан кейін 9 901 ұпай бар. Ол екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 7 875 ұпаймен екінші сатыда тұрған Арина Соболенкодан озды.
Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпай болды. Үздік үштікте 7 265 ұпаймен америкалық Джессика Пегула тұр.
АҚШ-тың ашық чемпионаты (US Open-2026) бірінші орын үшін шешуші турнир болды. Рыбакинаға қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шыққанда турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті. US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула мен Коко Гауфф та таласқан болатын.
Кейін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін иеленіп қана қоймай, турнирді чемпиондық атақпен аяқтады. Финалда ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл отандасымыздың US Open турниріндегі алғашқы және мансабындағы «Үлкен дулыға» жарыстарындағы үшінші титулы болды.
Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды. Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингте көш бастаған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.
Бұған дейін хабарланғандай, Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатының финалында  үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. Ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңген еді.
Рыбакина US Open турниріндегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар сыйақы алды.



14 қыркүйек 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 845
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930