» » Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын ТОП-10 теннисшінің қатарына кірді

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын ТОП-10 теннисшінің қатарына кірді

Фото: ҰОК
Теннисші Елена Рыбакина әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілер рейтингінде 10-орынға тұрақтады. Оның жалпы табысы – 16,3 миллион доллар. Оның ішінде 11,3 миллион доллар – жүлде қоры, ал 5 миллион доллар – демеушілік келісімшарттардан түскен табыс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рейтингтің көшін Карлос Алькарас бастап тұр. Испаниялық теннисші 62,9 миллион доллар табыс тапқан. Екінші орында – италиялық Янник Синнер (59 миллион доллар), ал үздік үштікті америкалық Коко Гауфф (40,3 миллион доллар) түйіндеді.
Үздік ондыққа сондай-ақ Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енген.
2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина биыл Аустралияның ашық чемпионатында жеңіске жетіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді. Осы жетістігінің арқасында ол ракетка мен спорттық киім өндірушілерінен қосымша бонустық төлемдер алған.
Сондай-ақ әлемнің екінші ракеткасы 2025 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанып, жарыстағы 5 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 5,23 миллион доллар сыйақы иеленді.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберген еді.


09 шілде 2026 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930