» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың, Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, ММА және панкратион ұлттық федерациясының құрметті президенті Гаджи Гаджиев, федерация президенті Сағындық Мекеев, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев, облыстық жекпе-жек айқастары бойынша панкратион және грэпплинг федерациясының құрметті президенті Алмат Жүнісовтің қатысуымен «Евразия» спорт кешенінде панкратионнан жасөспірімдер, юниорлар, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Республикалық байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 20 команда, 800-ге жуық спортшы үш жас ерекшелігі бойынша, әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түседі.
«Баһадүр бабаларымыз, ержүрек батырларымыздан аманат болған жекпе-жек өнері ертеде елді ішкі-сыртқы жаудан қорғайтын жауынгерлер арасында кеңінен таралса, қазіргі күні батылдық пен ептілікті талап ететін спорт түріне айналды. Біздің өңірімізде 600-ден астам спортшы панкратион, яғни жекпе-жек өнерімен тұрақты шұғылданады.

Екі дүркін Әлем чемпионы Абылай Шәкірбеков, Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Олжас Есқараев және жастар арасында Әлем чемпионы атанған Әли Мұсағалиев сынды Сыр спортшыларын ерекше мақтанышпен айтамыз. Бүгін олардың ізінен ерген болашақ чемпиондарымыз маңызды жарыстарда өзара тәжірбие алмасып, шеберліктерін шыңдайды. Бұл дода өскелең ұрпақтың қайратты да батыл, намысы биік әрі жігерлі азамат болып қалыптасуына жол ашады деп сенемін, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Рәсімде Гаджи Гаджиев пен Сағындық Мекеев жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, қолдау білдірген барша спорт жанашырларына алғысын білдірді. Данияр Еренғалиұлы қонақтарға дәстүрге сай құрмет көрсетті. Шара Сыр өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Панкратионнан Қазақстан чемпионаты 13 сәуірге дейін жалғасады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және медальдармен марапатталады.

@Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі

11 сәуір 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 837
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 521

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930