» » ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАНДАР ЕЛ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАНДАР ЕЛ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ


Түркістан төрінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы бүгін өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде Сыр елінің балуандары тамаша нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 2 қола медаль иеленді. Бұл аймақ спортындағы тарихи көрсеткіш!

Сонымен қатар, аралас командалық жарыста балуандарымыз қарсыластарын 4:2 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Қызылорда облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды!

Айта кетейік, Сыр өңірінің тарихында аты аңызға айналған білегі мықты балуандар көп шыққан, ұлттық спорттың тамыры тереңге жайылған киелі аймақ. Бүгін жеңіске жеткен балуандарымыз – сол мықтылардың ізін лайықты жалғап келе жатқан өрендер.

Жаттықтырушы: Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеев.

30 наурыз 2026 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30