» » ҚОС ҚЫРАННЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІ

ҚОС ҚЫРАННЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІ

Жуырда Ақтау қаласында дзюдодан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен-ді. Елдің 17 облысы мен 3 қаласынан жиналған 200-ден аса жас балуан бозкілемде бақтарын сынап, өз аймақтарының намысын қорғады. Қызылорда облысының құрама командасы жалпы есепте ІІ орыннан көрініп, ауданның спортшылары – Әлихан Әлиасқар мен Арқар Бақытжан күміс медаль иеленіп, туған жердің абыройын асырды. Жеңіспен оралған жас балуандарды аудан жұртшылығы зор қошеметпен қарсы алды.
Қызылорда облысынан қатысқан құрама команда жарыста жақсы нәтижемен көзге түсіп, спортшылар 2 алтын, 3 күміс медаль еншілеп, жалпы командалық есепте жоғары орынға тұрақтады. Бұл – өңірде жүйелі жүргізіліп келе жатқан спорт саясатының, жасөспірімдер арасындағы дайындық жұмыстарының жемісі екені анық.
Осы құрама сапында ауданнан қатысқан жас балуандар – Әлихан Әлиасқар мен Арқар Бақытжан да зор жетістікпен екінші орынға қол жеткізіп, күміс медаль иегері атанды. Екі жас спортшы да алты кездесуден сүрінбей өтіп, тек финалдық кездесуде қарсыластарына есе жіберді.
Жеңіс жолы әркімге оңайлықпен келмейтіні белгілі. Бес жылдық тәжірибесі бар Әлихан мен Арқардың бұл жолғы жетістігі – тыңғылықты дайындықтың, табандылықтың және бапкерлер еңбегінің айқын жемісі.
– Екі спортшымыздың да жарыстағы белдесулері өте тартысты өтті. Әлихан – 90 келі салмақта, Арқар – 60 келі салмақта күресті. Барлығы алты белдесу өткізді. Қарсыластарын таза ұтқан сәттері көп болды. Бұл нәтиже олардың еңбегінің өтеуі. Ең бастысы – осы жеңістерінің арқасында Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы ұлттық құрама сапына енді. Бұйырса, келер жылдан бастап Азия және Әлем чемпионаттарында өнер көрсетуге жол ашылды, – дейді жаттықтырушы Ерлан Жақсыбеков.
Әлихан – бапкер Сымбат Оспановтың шәкірті. Ол – «Бала барысының» үш дүркін жеңімпазы. Ал Арқар Бақытжан – бірнеше рет облыс чемпионы атанып, республикалық турнирлерде ел намысын қорғап жүрген балуан. Жерлестерінің үлкен жарыста олжалы оралуын Қармақшы жұрты ерекше қуанышпен қабылдады. Жас спортшылар туған жеріне оралған бетте оларды аудан халқы салтанатты түрде қарсы алып, қолдау көрсетті. Аудан әкімінің тапсырмасы негізінде Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Әріпханұлы спортшыларды арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
– Ауданның әрі облыстың абыройын арқалап, туған жердің атын биіктеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Еңбек бар жерде нәтиже бар. Мұның бәрі сіздердің табандылықтарыңыз бен бапкерлеріңіздің тынымсыз еңбегінің жемісі. Алдағы алатын асуларыңыз көп болып, жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін, – деді кент басшысы.
Әлихан мен Арқар Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейінің оқушылары. Мектеп ұжымы да шәкірттерінің осы жетістігін қуанышпен қарсы алып, алдағы уақытта оқу мен спортты қатар алып жүретін үлгілі жас спортшылар болатынына сенім артады.
Олардың ұстаздары жас балуандардың тәрбиелі, еңбекқор, намысшыл әрі қайсар екендігін, спортқа деген ерекше құштарлығы жоғары екенін айтады.
Қармақшылық жас спортшылардың ел чемпионатындағы бұл жетістігі аудан спортындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екені анық. Әсіресе жасөспірімдер арасында дзюдо спортына қызығушылық артып, жаңа толқын қалыптасып келе жатқаны қуантады.
Әлихан мен Арқардың ұлттық құрама сапына қосылуы – олардың алдағы жарыстарда Азия және әлемдік деңгейдегі ареналарда ел намысын қорғауға мүмкіндік береді. Бұл – жас спортшылар үшін де, олардың ұстаздары мен туған жері үшін де үлкен мәртебе.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
06 желтоқсан 2025 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031