» » Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласын нокаутпен жеңді: Боксшыны Тоқаев құттықтады

Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласын нокаутпен жеңді: Боксшыны Тоқаев құттықтады

Фото: kazinform

Астанада өтіп жатқан "Battle of the Brave" бокс кешін орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) қарсыласын нокаутпен жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Әлімханұлы Франция боксшысы Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) жұдырық түйістірді.
1-раундта отандасымыз қарсыласына тура соққы бағыттап, нокдаунға түсірді. Бұдан кейін де шабуыл үдеткен Әлімханұлы бесінші раундта франциялық боксшыны нокаутқа жіберді. 
Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белдігін сәтті қорғады.
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.
“Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді”, – делінген хабарламада. 
06 сәуір 2025 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 966
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930