» » Әсемайға қарсылас шақ келмеді

Әсемайға қарсылас шақ келмеді

Қазақ қыздары қай кезде де спортта биік белестерді бағындыра алды. Сол бұрымдылардың қатарында бозкілем жүлдегерлері де бар. Жуырда ғана жерлесіміздің жетістігі жайлы ақжолтай жаңалықты естіп, тағы бір марқайып қалдық. Толығырақ тарқатсақ.
Ақтау қаласында 12-17 мамыр аралығында самбодан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Сол додада қармақшылық қайсар қыз Әсемай Рүстемова аймақ намысын қорғап, Азия чемпионы болды. Бұл оның Азияны екінші рет бағындыруы. Осылайша олимпиадалық резервтің мамандандырылған аудандық No15 балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Бақберген Тәттімбетовтің шәкірті аудан, облыс мерейін үстем етті. Жағымды жаңалықты ести сала, жерлесімізді жеңісімен құттықтап, жеңімпазды сөзге тарттық.
– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымның да дайындығы мықты болды. Бұл жеңіс, бірінші Алланың қалауымен, жаттықтырушым мен отбасымның қолдауының, тынымсыз дайындықтың арқасында келді. Жарыс алдында 16 күн Ақтау қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Мұндағы төгілген тердің нәтижесі – осы жеңіс. Осы жолғы барлық белдесулерім қиынға соқты. Иә, жеңіс оңайлықпен келмейді. Еліміздің әнұранын екінші мәрте чемпионат төрінде ойнатқаныма қуаныштымын. Дәл сол сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, – дейді 2 дүркін Азия чемпионы Әсемай Ғалымжанқызы.
Иә, әлеуметтік желінің жылдамдығының арқа- сында біз де Әсемайдың бұл толқынысты сәтінің куәсі болдық. Бейнекөріністегі жерлесіміздің мерейлі кезеңіндегі көз жасының шүкірліктің, қуаныштың, еңбектің нәтижесінен екенін ұғындық. Ел әнұранын үлкен сында шырқату үлкен еңбекті талап ететінін түсіндік.
– Бұл жарыс – менің жарақат алғаннан кейінгі шыққан ең үлкен додам. Қаншама сынаққа қарамастан ешнәрсеге мойымай осы жарысқа бар күшімді салдым. Жарақаттан кейінгі сайыс болғандықтан қобалжығаным рас. Алайда өзіме деген сенімділікті жоғалтпадым. Маған үміт артқан жандар қолдау беріп тұрғанда орта жолдан берілуге болмайтынын түсініп, сол кісілердің сенімін ақтауға тырыстым. Біз бұл жарыспен тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта Әлем чемпионатына дайындалып, алтынды қайтарамыз деген сенімдемін. Осы ретте маған бағыт-бағдар берген жаттықтырушыма, қолдау білдірген отбасыма, тілекші болған барша жерлесіме алғысым шексіз, – дейді қайсар қыз.
Жеңімпаз ару ертең тағы бір сында бақ сынамақ ниетте Қырғызстанға жол жүрмек. Бақ пен бап жарысатын бозкілемде бұрымды спортшымызға сәттілік серігің болсын дейміз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
18 мамыр 2024 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031