» » Қармақшыда баскетболдан аудан біріншілігі өз мәресіне жетті

Қармақшыда баскетболдан аудан біріншілігі өз мәресіне жетті

Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің «Спорт клубы» ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай баскетболдан ұлдар және қыздар командалары арасында аудандық біріншілік өз мәресіне жетті.
Барлығы 8 команда 80-ге жуық спортшы қатысты. Атап айтар болсақ ұлдар арасында №105 мектеп-лицей, №250 мектеп-лицей, №27 орта мектеп, №121 орта мектеп және Төретам кентінен №85 орта мектеп командалары ал, қыздар арасында №105 мектеп-лицей, №250 мектеп-лицей, №121 орта мектеп командалары қатысты.
Аудан біріншілігінің негізгі мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін кең көлемде атап өту, баскетбол спорт түрін аудан көлемінде дамытып кеңінен насихаттау, аудан жастарын достыққа патриоттық сезімге баулу болып табылады. Баскетболдан аудан құрама командасына үздік ойыншылармен толықтыру болып табылады. Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау.
Аудан біріншілігінің қорытындысы қыздар командалары арасында
ІІІ орынды - №121 орта мектеп командасы
ІІ орынды - №105 мектеп-лицей командасы
І орынды - №250 мектеп-лицей командасы
Ұлдар командалары арасында
ІІІ орынды – №85 орта мектеп командасы
ІІ орынды – №121 орта мектеп командасы
І орынды – №27 орта мектеп командасы
Жарыс жеңімпаздары және жүлдегер командаларға дипломдар мен медальдар табысталды.
04 наурыз 2024 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031