» » GGG бокстан кетті ме?

GGG бокстан кетті ме?

qarmaqshy-tany.kz Әлемге танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мансабын тоқтата ма деген сауал бүгінде көпшіліктің талқысында жүргені рас. Себебі осыдан төрт ай бұрын оның бапкері Джонатон Бэнкс те спортшының алдағы жоспары жайында тілшілердің сұрағына жауап берген еді. Ал Головкиннің өзі 2022 жылы мексикалық Сауль Альвареспен өткізген үшінші жекпежегінен кейін The Sun басылымына берген сұқбатында «Мен 40 жастамын, зейнетке шығуға жақындап қалдым» деді. Енді бұның да өз нүктесі қойылғандай.
Танымал менеджер әрі инсайдер Рик Глейзер Головкиннің бокстағы мансабын аяқтағаны жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша GGG 16 айдан бері шаршы алаңға шықпаған. Тек соңғы рет мексикалық Сауль Альвареске есе жіберді. Осыдан кейін ұсыныстардың барлығынан бас тартып, тіпті чемпиондық белдіктерін де өз еркімен тапсырған. Ол осы жылдың сәуір айында 42 жасқа толады. «Геннадий Головкин осы туралы ресми жария етпей, тыныш қана зейнетке кеткен сияқты» деді Глейзер сөзін түйіндей.
Кәсіпқой боксшы бұған дейін де көпшіліктің сауалына жауап беріп жүрді. Ол алдағы жылдарын жаңа бастамамен толығатынын айтқан. Соның ішінде көп уақытын отбасына арнайтынын, біраз бітпеген шаруасына көңіл бөлетінін бөлісіп жүрді.
Иә, Головкин бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Соңғы рет Канеломен жұдырықтасып, жеңіліске ұшырады. Алайда трилогия деген атпен тарихта қалды. Барлық белдігінен бас тартты. Атап айтқанда, орта салмақтағы WBA, IBA және IBO чемпиондық атақтарын жекпе-жексіз бере салды.
Қазақстандық боксшы әр жекпе-жегінде көп нәрсеге қол жеткізді. Оның жасаған нокауттары, чемпион болған кездегі қорғаған титулдары Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Бүгінде оның жер-жердегі жанкүйерлері әрбір жеңісін мақтанышпен айтуда. «Головкин біз үшін мәңгі чемпион» дейді олар. Сондай-ақ, спортшының мансабын тоқтатқанына оң көзбен қарап, алдағы күндеріне сәттілік тілеуде.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
05 қаңтар 2024 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031