» » Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны айтылды

Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны айтылды

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшін ең көп табыс түсіретін боксшы болады. Мұндай пікірді J Calderon Boxing Talk YouTube арнасының авторы айтты, дейді  Rýhy Vesti.kz .
Маманның айтуынша, Мунгия Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың арасында көш бастап тұр. Негізі отандасымыз келесі кездесуін Сауль "Канело" Альвареске  (57-2-2, 39 КО) қарсы өткізуі керек болатын. Бірақ мексикалық соңғы айқасында Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) ұтылып, жоспардың астаң-кестеңін шығарды. Енді "Канело" қыркүйек айында ресейлік боксшыға қарсы екінші жекпе-жек өткізуге ниетті.
"Енді қыркүйек айында "Канеломен" трилогия ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан дәл қазір Головкинге тек Мунгия ғана көп ақша алып келе алады. Қарап тұрыңыздар, Головкиннің келесі қарсыласы Мунгия болады. Бұл кездесу орта салмақта өтіп, WBA және IBF белбеулері сарапқа салынады", - деді J Calderon Boxing Talk арнасының авторы.
Айта кетейік, Головкин мен Мунгия арасындағы айқас 2018 жылы өтеді деген әңгіме болған еді. Алайда ол кезде Неваданың Атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшыны Головкин үшін тәжірибесіз деп, жекпе-жекке рұқсат бермей қойды.
10 мамыр 2022 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930