Құрылтай
» » Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF белбеуін жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы қорғайтын болды, деп хабарлады egemen.kz.



Жекпе-жек 7 мамыр күні Техас (АҚШ) штатында өтеді. Бұл кездесу туралы екі боксшының командасы бірнеше аптадан бері келіссөз жүргізіп жатыр екен. Мунгия – бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген. 
Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Себебі, америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді.  Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін желтоқсан айында АҚШ жерінде өткізіп, польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңді. Осы кездесуде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын 21 рет қорғап, рекорд орнатты. 

03 наурыз 2021 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31