» » Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында каратэшілер 3 медаль жеңіп алды

Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында каратэшілер 3 медаль жеңіп алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Turizm_zhane_sport_ministrligi
Күндізгі сессиядағы үш жекпе-жектің екеуінде қарсыластарынан басым түскен, жартылай финалда чехиялық Ондрей Бошакты ұтқан, кумите бағдарламасында финалға шыққан Дидар Анарбеков (+84 кг) алаң иесі Санад Суфианиге жол беріп, 2-орын алды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасынан осыған дейін кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақ бойынша Бэлла Самашева күміс жүлдегер атанған болатын.
Ал 68 кг дейінгі салмақтағы Нурия Тізімбай өз тобында бірінші орын алғанымен, жартылай финалда тәжірибелі марокколық Виссал Эззарды ұта алмады.
Каратэшілердің аға бапкері Шаттық Қажымұқанның айтуынша екі күнге созылған каратэшілер айқасында 3 медаль алдық, екі күміс, бір қола. Ұлттық құрама сапында барлығы 7 спортшы барып, қатысқан. Өкінішке қарай, Николь Ценгель жарақат алып, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болған. Жарыс жалпы біздің каратэшілерге зор тәжірибе жинауға септігін тигізген.
Айта кетсек, Қазақстан делегациясы осыған дейін Бейжің мен Санкт-Петербургте өткен жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден медаль алмаған.
22 қазан 2023 ж. 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728