» » Ванес Мартиросян: Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған

Ванес Мартиросян: Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған

Америкалық бокс Ванес Мартиросян  қазақстандық Геннадий Головкиннен  екінші раундта нокаутпен жеңілгеннен кейін отандасымыздың соққы күші қандай екенін айтып берді.
–Пойыз астында қалғандай болдым. Бір ғана емес, барлық соққысы сондай болды. Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған. Головкин – сұмдық панчер. Әрбір соққысы дәл әрі мығым болды. Головкин соққысының күшімен таңғалдырды. «Канелоның» әлгі етті не үшін жегенін түсіндім», – деді Мартиросян жекпе-жектен кейін.
Америкалық карьерасында алғаш рет уақытынан бұрын жеңіліп отыр. Жеңілістерінің жалпы саны – 4. Бұған дейін Мартиросян үш мәрте төрешілердің шешімімен қарсыласқа есе жіберген еді.  Ал мұның алдында Головкин Мартиросянның бірнеше жақсы соққы дарытқанын айтып берген болатын.
–Тамаша күйдемін. Қазақстандық достарыма көп рақмет, қолдаған барша адамға рақмет. Ванес – тамаша боксшы, бірнеше жақсы соққысын дарытты. Бірінші раундта кездесу қиын болады деп ойладым, бірақ екінші раундта бәрі де бітті, – деді Головкин.
tengrinews.kz
07 мамыр 2018 ж. 1 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031