» » Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз

Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда қаласындағы аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты мектеп оқушылары арасында облыстық спартакиада өтті.
Оған аймағымыздың барлық аудандарында іріктеу жарысынан өткен үздіктер қатысты.
Ұлттық спортты ұлықтауға арналған спартакиадаға біздің ауданнан 31 ұл-қыз қатысып, өнерлерін көрсетті. Яғни, Ардақ Ерсұлтанұлы жетекшілік еткен Меделхан Нұрашов, Жанарыс Айдаров, Рауан Сәду, Руслан Нұрманов, Ердәулет Ойнарбаевтар арқан тарту жарысында, ал Мейірімжан Айтбаев жетекшілік еткен Мұхамедияр Әбілахатов пен Қымбат Мырзашқызы сынды жеңілатлеттер І орындарды жеңіп алды. Сонымен бірге Медет Байденов жетекшілік еткен Диас Ибрагимов, Әділхан Дәулет пен Ұлан Бектасұлы бұқа тартысы сайысында ІІ орынға көтерілсе, ләңгі тебуден Нұржан Әбдіразақов (жетекшісі Октябрь Ибраев), асық атудан Даниял Нұрланұлы, Мұхамедияр Мадиярымов, Рамазан Мәлікайдаров (жетекшісі Бақытқали Киікбаев), сондай-ақ қол күресі жарысы нәтижесімен Ғалымжан Жаңабайұлы, Нұрасыл Төленді, Зарина Мұзафаровалар да (жетекшісі Алтынай Қартаңбаева, Бақытжан Тағайбаев) ІІІ орынды иеленіп, абыройға кенелді.
Жалпы командалық есеп бойынша Бөкенбай Дәріқұлов бастаған аудан құрама командасы жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
06 сәуір 2023 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 753

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031