» » Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Қазақстан шаңғышысы Данил Васильев 2023 жылы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Данил Васильев қалыпты шаңғымен секіру спорт түрінен жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті. Екі тәсілдің қосындысында Қазақстан спортшысы австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, үздік нәтиже көрсетті (257,3).
Қазақстанның басқа спортшылары келесідей нәтиже көрсетті: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5).
Васильев жеңіп алған медаль Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды. Бұған дейін «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған еді.
17 қаңтар 2023 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

04 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 637

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031