» » Шағын-футболдан жарыс ұйымдастырылды

Шағын-футболдан жарыс ұйымдастырылды

qarmaqshy-tany.kz 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округі бойынша 45 жастан жогары ардагерлер арасында Байқоңыр қаласындағы ІІО-ның ардагерлер ұйымы бастауыш қоғамдық бірлестігі, Төретам кенті әкімшілігі және футболсүйер азаматтардың белсенділігімен, Төретам кентіндегі спорттық сауықтыру кешенінде, ардагерлердін үлгісімен футболды дамыту, жастарга салауатты өмір салтын насихаттау, достыкка, патриоттык сезімге, ұлттык мәдениетке тәрбиелеу мақсатында шағын-футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Бұл жарыс ерекшелігі, онын жаңа форматта өтуі. Ардагер ойыншылар, жас айырмашылығына, техникалық және физикалық дәрежелеріне сәйкес, өзара тең деңгейде, әділ де тартысты өнер көрсету мақсатында жеребе арқылы командаларға таратылды. Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округінен «Ерболат», «Легион», «Звезда», «Даулет», «Арман» командалары жасақталып, Жосалы кентінен «Қорқыт» командасы, барлығы 6 команда жарысқа қатысты. Жарыс ойдағыдай үлкен деңгейде өтіп, ардагер ойыншылар жоғарғы санатта ойын өрнектерін көрсетті.
Жарыстың ашылу салтанатына: Нагиметов Амидулла ақсақал, Төретам кенті ақсақалдар кеңесі мүшесі; Ермеков Жақып, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округі алқа би төрағасы; Елеусинов Ғалымжан Төретам кенті әкімі; Жарекесов Скендір, Байқоныр каласы Өзін-өзі басқару қоғамдык кеңесі мүшесі; Кенесов Бакыт, «Инфракос» мекемесі басшысы орынбасары, Байқоныр волейбол федерациясы президенті; Тайтиков Ешмурат, Байқоңыр қаласындағы ІІО-ның ардагерлер ұйымы бастауыш қоғамдық бірлестігі төрағасы; Ахметов Алтынбек, ҚР IIМ Байконыр қаласы өкілділігінін басшысы, полиция полковнигі және басқа құрметті қонақтар қатысып, өз лебіздерін білдірді.
Осы футбол жарысын ұйымдастыру белсенділігі үшін — Даулетбаев Кендебай, Жанұзақұлы Серік, Наурызбаев Жанболатка алғыс хат табысталды.
Өткізілген ардагерлер арасындағы шағын-футболдан жарыс деңгейі — доп додасы көптің көңілінен шығып, жалғасын табады деген тілек, баталар берілді.

28 желтоқсан 2022 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031