» » “Қайсар” ел чемпионатының 12 дүркін жеңімпазы атанды

“Қайсар” ел чемпионатының 12 дүркін жеңімпазы атанды

Kyzylorda-news.kz. Евразия спорт кешенінде гандболдан Қазақстан чемпионатының кезекті біріншілігі қорытындыланды. Жүлдеден үмітті 4 команда ақтық ойындардың көркін қыздырды.
 “Қайсар” қыздары “Алтайдан” айласын асырып, алтынға таласуға мүмкіндік алса, Шымкенттің шеберлері “Астананың” аруларын сан соқтырды. Бір қызығы биылғы чемпионаттың финалы оңтүстік дербиге ұласты.  Финалдық ойын 2 күнге созылды. Бірінші күні паркетте тартысты ойын өрбіді. Эльвира Камилова, Марина Пикалова, Мария Ситникова сынды шымкенттік гандболшылар қақпашы Чуйкова мен Айтенованы қыспаққа алды. Дегенмен қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ қимылдаған Вячеслав Ким шәкірттері 44-33 есебімен жеңіске жетті.
Екінші ойындада Сыр сұлулары “сыр” бермеді. Вероника Хардина мен Наталья Полуянконың тандемі “Қайсардың” қарқынын арттырды. Қос гандболшы да нәтижелі ойын көрсетті. Әсіресе Наталья шешуші сәтте шабуылды түйіндей білді. Мұнан бөлек “Қайсарды” қолдауға келген жанкүйерлер Аружан Әмит, Жанерке Сейітқасым, Назым Сабыржанқызы, Татьяна Давыдова,  Ксения және Мария Пупченковалардың шеберлігіне тәнті болды. Бұл кездесуде де ”Қайсар” гандбол клубы 34:25 есебімен жеңіп, 12 мәрте жеңістің биік тұғырына көтерілді.
25 желтоқсан 2022 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 753

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031