» » Тарихта қалған трилогия

Тарихта қалған трилогия

Жексенбі. Қазақ жұрты бұл күні жеңіске деген ұмтылыспен таңғы ұйқысынан ерте оянды. Себеп айқын. Отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен үшінші мәрте жұдырық түйістірді. Бүкіл әлем күткен жекпе-жек Лас-Вегастағы Т-Mobile аренасында өтті. Бұл жекпе-жек алдыңғы кездесуден өзгеше болды. Яғни трилогия суперорта салмақта өтті.
Өткенге сәл шегініс жасасақ қос боксшы бұған дейін 2011 жылы спарринг өткізген-ді. Ол кезде Геннадий Головкин жаһанға GGG атымен танылмай жатып, ал Сауль Альварес 20 жастан енді асқан тұста екі боксшы шаршы алаңда қолғап түйістірді. Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшылардың қантөгіс айқасын емес, жәй ғана жаттығуды көргісі келді. Дәл осы спаррингтен соң жарты ай өткенде Triple GGG 18 маусым күні Кассим Оуманы нокаутқа түсіріп, WBA чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ал бір күн өткен соң Сауль Альварес британиялық Райан Рудсты жеңіп, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Осылайша қос боксшының жолының түйісуі басталды.
Арада біраз жыл өткенде әлемге Triple GGG, «Жақсы бала» лақап есімдерімен танылған Головкин мен Сауль «Канело» Альварес шаршы алаңда 2017 жылы қайта кездесті. Бұл жекпе-жекке Головкин төрт бірдей чемпиондық белбеудің иегері ретінде келсе, Сауль Альварес тәжірибе жинақтаған, қарсылас шақ келтірмейтін «құбыжық» дәрежесінде шықты. Шаршы алаңда жұдырықтасқан екі боксшының алғашқы жекпе- жегі тең аяқталды. Осыдан кейін Альваресті түлен түрткендей араға бір жыл салып Головкинмен екінші рет жекпе-жекке қайта шықты. Алайда жерлесіміз аяққа тік тұрған күйі берілмей 12 раунд бойы жақсы жұдырықтасып, есе қайтарып отырды. Қорытынды нәтижеде төрешілер ұпайды Сауль Альварестің пайдасына шешіп, жеңіс деп жариялады. Осылайша отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылған-ды.
Міне, араға төрт жыл салып қос боксшы көп күткен үшінші жекпе-жекті Лас-Вегаста қайта өткізді. Сонымен қазақстандық боксшы- ны қолдау үшін жанкүйерлер таңмен таласа ұйқысынан ерте оянып, жексенбілік жұмыстарын бір сәтке ысырып, бір ортада тоғысып, көгілдір экраннан боксты тамашалады. Жерлесіміз жеңіске жетеді деген үмітпен тақым қысып, барынша сенім білдірді. Үшінші жекпе-жектен ерекше шоу күтті. Себебі Головкинде жаңа бапкер ауысты. Ол америкалық боксшы – Джонатан Бэнкс. Оның ең үлкен жетістігі IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы. Головкиннен 3 айға кіші.
Бокстың алдында екі елдің әнұраны орындалды. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Т-Mobile аренасында отандасымызға шабыт сыйлағандай әнұранды тебірене шырқады. Көк бұрышта Геннадий Головкин өзінің салқынқанды екенін көрсетіп, сабырлы мінез танытты. Екінші орта салмақтағы кездесу басында боксшылар мұқият шабуылдап, соққылармен алмасты. Алайда жерлесіміз көп күткен шоуды жасай алмады. Бірақ мексикалық боксшы белсендірек қимылдап, дәлірек соққылар жасады. Канелоның көп соққыларына Головкин жауап бере алмады. Осы жұдырықтасу әр раунд сайын жалғасып отырды. Боксшымыз Канело қорғанысының кілтін таба алмады ма, сермеген соққылары ауаны қарып отырды. Бұрынғыдай төпелеп бірнеше соққылар жасай алмады. Раунд арасындағы үзілісте GGG бапкері Джонатан оған ұпай жағынан ұтылып жатқанын ескертті. Осыдан кейін Головкин 8 раундтан бастап ашық жұдырықтасуға көшті. Джеб соққылардың бірнешеуін жасап Канелоның мысын қайтарып отырды. Дегенмен жекпе-жек аяқталуға жақын қалып, боксшымыз алдыңғы раундтарда кеткен есесін қайтара алмады. Бірақ елді ұятқа қалдырмай 12 раундта нокаут алып қалмай, еңсесін тік ұстады. Қазақ «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген. Иә, өкінішке орай үшінші жекпе-жектің де жеңісі мен бағы мексикалық боксшы Сауль Альвареске бұйырды. Бұл жерде жас ерекшелігінде ескерген жөн. Себебі Альварес отыз жасында ойнақтаған әлі жас боксшы болса, Головкин биыл сәуір айында қырыққа толды. Қанша дегенмен адамның жасы алады ғой. Кезінде GGG Канелоның жасында талай мықты боксшыларды нокаутқа түсірді емес пе? Жұдырықтасудың соңында қос боксшы бір-бірінің мықтылығын айтып, құшақтасып, төс қағыстырып кездесудің нүктесін қойды.
Отандасымыз жекпе-жекте жеңілдім деп ел алдында еңсесін түсірген жоқ. Қайта баспасөз жиынында жұдырықтасуды ақырын бастағанын қателік бол- ғанын айтты. «Жеңіліп қалдым деген сезім жоқ, одан ауыр із де жоқ. Жағдайым жақсы, бойым энергияға толы. Бәсекелі айқас болды, екінші бөлігінде қарсыласымнан жақсырақ болғандаймын. Жеңісін төмендеткенім емес. Ол жеңді. Бірақ ол мықтырақ немесе жылдам болды деп айта алмаймын, керісінше. Жекпе-жектің екінші жартысында ол күш пен жылдамдықты жоғалтты. Ол мені таңғалдырмады» деді ол сөзінде. Сонымен бірге өзіне жанкүйер болып қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға алғысын жеткізді және мансабын тоқтатпай одан әрі жалғастыратынын айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Головкинмен телефон арқылы сөйлесіп, ол Қазақстанның әлемдік аренада танымал болуына зор үлес қосқанын атап өтті. «Жанкүйерлер үшін сіз халық чемпионы және әлемнің үздіктері болдыңыз және бо- лып қала бересіз. Біз сені мақтан тұтамыз!» деді. Иә, Геннадий Головкиннің бұл жеңілісіне қазақ жұрты теріс айналмай керісінше жан-жақтан жақсы пікірлер айтып, қолдау білдірді.
Сайып келгенде мексикалық боксшы екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы титулын қорғап қалды. Ал Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBO, IBA және WBA белбеулері сарапқа салынбаған, сондықтан бұл титулдар GGG еншісінде қалды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 қыркүйек 2022 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 296

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930