» » Рыбакина «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңісі үшін 1 млрд теңгеден астам сыйақы алады

Рыбакина «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңісі үшін 1 млрд теңгеден астам сыйақы алады

Kyzylorda-news.kz. 2022 жылғы «Үлкен дулыға» додасында топ жарған қазақстандық Елена Рыбакина бағалы олжадан бөлек қомақты жүлделерге ие болмақ. Биылғы чемпионатқа 2 млн фунт стерлинг (1 145 240 000 теңге) сомасында чек беріледі.
Өкінішке қарай, Елена Рыбакина осы соманы бүтіндей еншілей алмайды, өйткені Ұлыбританияда шетелдік спортшыларға тағайындалған жүлде қорының 40-тан 50% – на дейінгі көлемде салық бар.
Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Wimbledon-нан кейін әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына да кіре алмайды. Өйткені Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бірнеше ай бұрын теннисшілерге Wimbledon-да өнер көрсеткені үшін рейтинг бойынша ұпай тағайындамау туралы шешім қабылдады.
«Бұл – ерекше сезім. Матчқа дейін және оның барысында да қатты қобалжыдым. Ішім алай-дүлей. Қарсыласыма керемет ойыны үшін алғыс айтамын. Көрермендерге де рақмет. Олардың алдында өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе, мұндағы атмосфера керемет. Турнирдің екінші аптасында да төбе көрсетемін деп ойламадым, ал турнирдің жеңімпазы болу – мүмкін емес жағдай секілді, әлі сене алмай тұрмын. Қазіргі сезімімді сипаттау үшін сөз таппай тұрмын. Командама да көп рақмет, оларсыз мен бұл биікке көтеріле алмас едім. Үйдегі мен үшін тақымын қысып отырған ата-анама жасаған бар жақсылығы үшін рақмет!»- деді Елена Рыбакина.


10 шілде 2022 ж. 1 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930