» » Қазақстандық спортшы Румынияда топ жарды

Қазақстандық спортшы Румынияда топ жарды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов халықаралық ITF Romania F5 додасының жеңімпазы атанды, деп хабарлады egemen.kz.

Румыния астанасы Бухарестте халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Ақтық финалда қазақстандық теннисші италиялық Франко Агаменонемен кездесті. Екеуара кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталып, Скатов жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, бұл жеңіс – Скатовтың ересектер арасындағы екінші жүлдесі.

Сондай-ақ кеше әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісі жарияланды. Жақында ғана US Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен қазақстандық Юлия Путинцева 35-тен 30-орынға көтерілді. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 18-ге, ал Зарина Диас 69-дан 72-сатыға сырғыды.


15 қыркүйек 2020 ж. 970 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930