Құрылтай
» » Мурата Головкиннің шеберлігі мен соққысы туралы айтып берді

Мурата Головкиннің шеберлігі мен соққысы туралы айтып берді

Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан Рийота Мурата жекпе-жек туралы айтып, отандасымыздың шеберлігі мен соққысына қатысты пікір білдірді. 

Муратаның сөзінше, кездесу кезінде ол түрлі күйді бастан кешкен. Кей кезде өз-өзіне көңілі толғанын да айтты. 
"Маған берілуге болмайды, себебі тек белбеуден айырылдым. Мұны әлі қабылдай алмадым. Жеңілгенімді түсіндім. Алайда әрі қарай да жекпе-жек өткіземін бе, жоқ па, нақты шешім қабылдаған жоқпын", - деді Мурата.
Жапониялық боксшының сөзінше, Головкиннің соққысының күшін сезіне алған. Әрі ол отандасымыздың шеберлігіне тәнті болды. 
“Мен Головкиннің шеберлігін сезіндім. Түрлі соққыларымен таңдандырды. Оның соққысының қуатын да сездім. Қазір мойным, иығым мен жағым ауырып тұр. Осы сезімнен арылғым келеді", - деп қосты Рийота Мурата. 
Айта кетейік, Рийота Мурата тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Осылайша Головкин IBF пен IBO белбеулерін сәтті қорғап, WBA Super белбеуін жеңіп алды. 

11 сәуір 2022 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 661
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31