» » Бүгін Қазақстан біріншілігі басталады

Бүгін Қазақстан біріншілігі басталады

5 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады. Алғашқы тур ойындары 5 және 6 наурыз күндеріне белгіленген.
Бүгін, 5 наурызда бес команда өзара кездеседі. Доп додасының шымылдығын елорда уақытымен 15.00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары ойынымен ашылады.
Елордадағы ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Одан кейін 16.00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ, 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасады. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал 6 наурызда қалған екі ойын болады. Алдымен 15.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе», 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды.
Бұл күнгі екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.



05 наурыз 2022 ж. 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031