» » Еуропа лигасы: Бүгін қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталады

Еуропа лигасы: Бүгін қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталады

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысының жеребесі тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеребе тарту рәсімі елорда уақытымен 16.00-де басталады. Тікелей телекөрсетілім UEFA ресми сайтында жүргізіледі. Естеріңізге сала кетелік, биыл Еуропа лигасында еліміздің атынан Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Ордабасы» және Қызылорданың «Қайсар» командалары бақ сынайды. «Қайрат» пен «Ордабасы» жарысты бірінші сатысынан бастаса, «Қайсар» екінші сатысында алғашқы қарсыласымен шеберлік байқасады. Биыл Еуропа лигасында іріктеу кезеңінде жеңімпаз бір ғана ойыннан анықталады. Кездесуде тең нәтиже тіркелген жағдайда жарыстың келесі сатысына берілетін жолдама иесі қосымша кезең немесе пенальти сериясы арқылы белгілі болады. Айта кетелік, 9 тамызда Чемпиондар лигасында сынға түсетін елордалық «Астана» командасының қарсыласы анықталды.


03 тамыз 2020 ж. 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 400
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930