Құрылтай
» » Қоржынымызға медаль бұйырмады

Қоржынымызға медаль бұйырмады

Қазақстан Қытайда өткен Қысқы Олимпиадада медаль жеңе алмады. 19 ақпанда ұлттық құрамада соңғы болып Надежда Морозов өнер көрсетті. Алайда спортшы мәреге 14-ші болып келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Надежда Морозованың күейуі Дмитрий де Олимпиадада медальсыз қалды. Ол 19-шы болып мәре сызығын аттап, финалға өтпеді. 
Шаңғы марафонында Евгений Величко 43-ші болып мәреге келді. Ауа райы қолайсыз болғандықтан шаңғы марафонының арақашықтығы 30 шақырымға дейін қысқарған. 
Шорт-трекшілер ғана топ-6 құрамына ене алды. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахмет, Ольга Тихонова мен Яна Хан эстафетада 5-орынды иеленді. Ал 500 метрге жүгіруде Абзал Әжіғалиев 4-орын иеленген. Бұл құрамадағы үздік нәтижесі болып отыр. 
Осылайша Әжіғалиев 40 000 доллар, ал өзге шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады. Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең өтеді.
Қысқы Олимпиадада Норвегия үздік нәтиже көрсетті. Норвегиялық спортшылар 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль иеленген. Екінші орынға Германия, үшінші орынға АҚШ орналасты.



20 ақпан 2022 ж. 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31