» » Қазақстандық спортшының UFC-дегі жекпе-жегі өткізілмейтін болды

Қазақстандық спортшының UFC-дегі жекпе-жегі өткізілмейтін болды

Ресей Федерациясының атынан өнер көрсететін қазақстандық файтер Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі болмайды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды sports.kz сайты. 

дамир исмагулов
Дамир Исмағұлов пен отандасы Магомед Мустафаев арасындағы жекпе-жек 30 қазанда UFC 267 жарысының аясында Абу-Дабиде өтуі керек болған. Алайда салмақ өлшеу рәсімінде Дамирдің салмағы 74,1 келіні көрсетті. Ал Дамир өнер көрсететін салмақ дәрежесінің шегі 70,7 келі болуы керек.
Салмақ өлшеу рәсімі жайлы ресейлік аралас жекпе-жек сарапшысы да пікір білдірген.
"Дамир Исмағұловтың салмақ өлшеу кезіндегі жағдайы жақсы болмады. Оны таразы сүйемелдеп алып келді. Мустафаевқа қарсы кездесу өтпеуі мүмкін", - деп жазды автор. 
Кейінірек спортшының менеджері жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады. 
"Салмақ қуу кезінже денсаулығымен мәселе туындап, жағдайы нашарлап кетті. Әрі қарай" салмақ қуудың маңызы болмады. Жекпе-жек белгілі жағдайларға байланысты өтпейді. Қазір Дамир біртіндеп өзіне келіп жатыр", - деді Абдрахманов. 
Дамир аралас жекпе-жекте 18 рет жеңген. Оның төртеуіне UFC-де қол жеткізген. 
29 қазан 2021 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031