» » "Өте мықты": Спорт сарапшысы қазақстандық боксшы жайлы пікір білдірді

"Өте мықты": Спорт сарапшысы қазақстандық боксшы жайлы пікір білдірді

The Fight Site порталының сарапшысы Тэйлор О’Хоггинс қазақстандық боксшы Серік Теміржановтың әлем чемпионатындағы жекпе-жегі жайлы пікір блдірді, деп хабарлайды sports.kz сайты.

Серік Теміржанов
"Серік Теміржановтың Әлем чемпионатындағы керемет бастамасы. Бірінші кезеңде Азия чемпионы Энх-Амар Хархууды жеңді. Екінші жекпе-жекте жастар арасындағы чемпион Реито Цуцумиден басым түсті. Теміржанов өте мықты және физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған. 
19 жастағы Цуцуми де жақсы өнер көрсетті. Табандылық танытып, жеңіліп келе жатқанына қарамастан, үшінші раундта күшін жинай алды. Бірақ қай уақытта болмасын өзінен мықты әрі үлкен қарсыласпен жұдырықтасу қиын болады", - деп жазды сарапшы. 
1/8 финалда Серік Теміржанов үндістандық Рохит Мормен 1 қарашада жекпе-жек өткізеді.
29 қазан 2021 ж. 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 065
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031