» » Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Қазақстан құрамасы пенальти сериясында Португалиядан ұтылып, Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

футзал
Ойын барысында бірінші болып португалдықтар сапында Анильтон Сезар екінші таймның басында дәл соққысымен гол салып, есеп ашты. Негізгі уақыттың аяқталуына бірнеше секундтар қалғанда алаңға қақпашы Игитаны алмастырып шыққан Дәурен Нұрғожин таразы басын теңестіріп кетті. 
Ойын әрі қарай қыза түсті. Қосымша уақыттың бірінші таймында Дуглас айып добын дәл теуіп, Қазақстанды алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына бір жарым минут қалғанда Бруно Коэльо Қазақстанның басымдылығын жойып, ойынды пенальтилар сериясына алып барды.
Пенальти тебу барысында сәттілік португалдықтарға серік болғандай болды: себебі Игита олардың бір соққысын қайтарғанымен, Дуглас пен Арнольд Кнауб қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады. Осылайша Португалия 4:3 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Португалия финалда Аргентинамен ойнайды, ал Қазақстан үшінші орын үшін болатын матчта Бразилиямен күш сынасады. Бұл ойындар 3 қазан күні өтеді.
01 қазан 2021 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930