» » Азия чемпионаты: Бір алтын, бір күміс жүлде

Азия чемпионаты: Бір алтын, бір күміс жүлде

Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында 235.1 ұпайды еншілеген қазақстандық Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Екінші орынды Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари иеленсе, таиландтық Ноппадон Сутвирух үшінші орында тұрақтады.
Жастар арасында тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірім арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды.
мерген
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын мен 1 күміс жүлде иеленді.
Айта кетсек, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

13 қыркүйек 2021 ж. 1 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 286
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 164

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031