» » ЕУРО-2021: Эриксен ес-түссіз құлап, Бэйл нәтиже көрсетпеді

ЕУРО-2021: Эриксен ес-түссіз құлап, Бэйл нәтиже көрсетпеді

Футболдан Еуропа чемпионатының екінші ойын күні өтті. Әдеттегідей жасыл алаңда 6 құрама күш сынасты.


Уэльс - Швейцария 1:1
Күннің алғашқы матчында Уэльс пен Швейцария құрамасы кездесіп, тең тарқасты. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы таймда жанкүйерлер гол көре алмаса, ойынның екінші бөлігінде қос команда бір-бірінің қақпасына жалғыз доптан соқты.
Еуропа чемпионаты - 2020. А тобы. 1-тур.
Уэльс - Швейцария 1:1 (0:0)
Гол соққандар: Мур 74 – Эмболо 49.
12 маусым. Баку. "Олимпийский". 

Дания - Финляндия 1:0
Артынша басталған Дания мен Финляндия арасындағы матчта күтпеген оқиға болды. Кездесудің 43-минутында Дания футболшысы Кристиан Эриксен көгалға ес-түссіз жығылды. Дәрігерлер алаңға жүгіріп шығып, Эриксенге алғашқы көмек көрсетті. Кейіннен УЕФА Эриксеннің есін жиғанып, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді. Ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Төреші матчты тоқтатуға шешім қабылдады. Тек араға бірнеше сағат салып, футболшылар алаңға оралды. Матчтың қалған бөлігінде Финляндия күтпеген жерден есеңгіреген Данияны жеңіп кетті.
Еуропа чемпионаты - 2020. В тобы. 1-тур.
Дания - Финляндия 1:0 (0:0)
Гол соққан: 60 Похьянпало

Бельгия – Ресей 3:0 
Ойын күнінің соңғы матчында Бельгия Ресей қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Алғашқы таймда Лукаку мен Менье бір-бір голдан соққан, ал матч соңында Лукаку есепті еселеп, Бельгия сенімді жеңіске жетті.
Еуропа чемпионаты - 2020. В тобы. 1-тур.
Бельгия – Россия 3:0 (2:0)
Голдар: Лукаку 10, 88, Менье 34.
 
Бүгін 1-турдың тағы үш матчы өтеді. Алаңда Англия – Хорватия, Аустрия – Солтүстік Македония және Нидерланды – Украина командалары кездеседі.
13 маусым 2021 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930