» » Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанның бас шаһары –Ташкентте өтеді.  Бұл жайында АИБА-ның президенті Умар Кремлев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Осындай маңызды жарыстың Ташкентте өтуі тегін емес. Соңғы кездері айтулы мемлекеттің былғары қолғап шеберлері толағай табыстарға қол жеткізіп жүр. Оның мойындауға тиіспіз. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді олжалаған Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында 6 жүлдені (1 алтын+3 күміс+2 қола) иеленген олар екінші сатыға жайғасты. 2019 жылы Екатеринбургте ұйымдастырылған дүниежүзілік додада 5 рет (3+1+1) жеңіс тұғырына көтерліген «ала тақиялылар» командалық сайыста қайта бірнші орынды еншіледі. Осының барлығын ескерген АИБА басшылығы байрақты бәсекені өткізуді Өзбекстанға сеніп тапсырып отыр.
Ташкентке жұмыс сапарымен жүрген Умар Кремлев: «Мықты боксшылар мен чемпиондар шоғырланған Өзбекстанды 2023 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таныстыратыныма қуаныштымын. Бұл жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Ташкент төрінде тартысты жекпе-жектер өтеді деп сенемін», – деп өз сөзін қорытындылады. 
03 сәуір 2021 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930