» » Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін сәуір айының ортасында өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Бұған дейін Даниярдың промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы сәуір айында Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) — Лиам Уильямс (23-2-1, 18 KO) бокс кеші андеркардында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.
Енді Matchroom Boxing басшысы алдағы шоу 17 сәуірде өтетінін нақтылады. Іс-шара АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Данияр Елеусінов қарсыласының аты әлі белгісіз. Хирннің айтуынша, олар ең жақсы қарсыласын табуға ниетті, тіпті ол үшін артық төлем жасау керек болса да.
27 қарашада өткен  соңғы жекпе-жегінде Данияр әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, жартылай орта санатта IBF Inter-Continental бос атағын жеңіп алды.
27 ақпан 2021 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 808

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930