» » Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді(видео)

Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді(видео)

   Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
 
    Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті. Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді. Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған. Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған болып есептелген.  Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.
  – Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін, бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жекім, - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.
29 желтоқсан 2019 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 883
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930