» » Альвареспен жекпе-жек өткізуге ресми үміткер пайда болды.

Альвареспен жекпе-жек өткізуге ресми үміткер пайда болды.

  Екінші орта салмақта сынға түсетін ресейлік боксшы Федор Чудинов (22-2, 15 КО) үш салмақта әлем чемпионы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ресми үміткер атанды. Бұл туралы ресейліктің промоутері Владимир Хрюнов айтты.

  – Қазір бәрі "Канелоның" бос болуына байланысты, бірақ Сергей Ковалев үшін есе қайтару керек, – деді Хрюнов.
  Естеріңізге салсақ, 2 қарашада Лас-Вегаста Альварес Ковалевті нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO титулын тартып алған болатын.
  13 желтоқсанда Владикавказда бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте Чудинов Хассан Ндам Н'Жикаммен жұдырықтасқан. 12 раундтың қорытындысы бойынша ресейлік боксшы төрешілер шешімімен жеңген еді. Осы жеңісінің арқасында Чудинов екінші деңгейлі WBA Gold титулын иеленген. Осылайша, ресейлік боксшы қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті.
  Айта кетейік, 2018 жылдың бірінші жартысында Чудинов қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) бірге Абель Санчестің қол астында жаттыққан. Алайда қазір қазақстандық боксшы америкалық Джонатан Бэнкспен, Чудинов отандасы Виталий Слановпен жаттығып жүр.
15 желтоқсан 2019 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031