» » Әнші-боксшы Ибрагим Ескендір африкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Әнші-боксшы Ибрагим Ескендір африкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

   Ресей астанасы Мәскеудегі "Крылья Советов" спорт кешенінде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық әнші-боксшы Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) африкалық қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

  Жеңіліп көрмеген 33 жастағы қазақстандық спортшыға Малави тумасы, тәжірибелі боксшы Мусса Аджибу (28-14-5, 24 КО) қарсылас болды. Бірінші ауыр салмақтағы кездесу он раундқа жоспарланған. Алайда Ескендір қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсіріп тастаған.
   Осылайша Ибрагим кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін жетінші нокаутпен аяқтаған. Ол сондай-ақ IBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алды.
   Ибрагим Ескендір бұған дейін былтыр, желтоқсан айында шаршы алаңға шыққан еді. Араға бір жыл уақыт салып, спортшы тағы да жеңіске жетіп, өзінің бабында екенін дәлелдеді.
   Айта кетсек, Ибрагим Ескендір тек қана боксшы емес, оның әншілік қабілеті де бар. Қалың көпшілікке ол өзі авторы әрі орындаушысы болған "Көк тудың желбірегені" әні арқылы таныс.
15 желтоқсан 2019 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 919
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930