» » Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов алдағы демалыста шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Канаданың Монреаль қаласында Аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен жұдырықтасады. Бұл – Ахмедовтың кәсіби рингтегі 11 кездесуі. Қазақстандық боксшы бұған дейінгі 10 жекпе-жектің тоғызында қарсыластарын нокаудқа жіберіп, өз шеберлігін паш етті. Аргентиналық былғары қолғап шебері 12 мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңілістің ащы дәмін татыпты. Ахмедов-Вильялобос жекпе-жегі жексенбі күні таңғы сегізде басталады. Жанкүйерлер Канададағы бокс бәсекесін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре алады. Кештің басты сайысы Давид Лемье мен украиналық Максим Бурсак арасында өтеді. 
Кәсіпқой бокс: Джошуа-Руис жекпе-жегі
Алдағы демалыста жұрт назары Сауд Арабиясына ауады. Бокс жанкүйерлері асыға тосқан жекпе-жектің бірі Эр-Рияд қаласында өтеді. Аса ауыр салмақта үш бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы Энди Руис британиялық Энтони Джошуамен қарымта кездесуде сынға түседі. Екі мықтының бірінші маусымдағы алғашқы сайысы Мексикалық боксшының жеңісімен аяқталғаны белгілі. Бұл жолы Джошуа есе қайтарам дейді. «Қазір мен алтын белбеуден үміткермін. Тек жеңіске ұмтыламын. Әлем чемпионы атағы мен үшін айтарықтай оқиға болмайды. Себебі бұл менің белбеулерім. Оны өзіме қайтарып аламын», – дейді Энтони Джошуа. Энди Руис те қарап қалмайды. Мексика жігіті алғашқы жекпе-жекте кездейсоқ жеңіске жетпегенін дәлелдеуі тиіс.
«Бірінші маусымда тарихта атымды қалдырдым. Енді қарымта сайыста өз атағымды қорғап қалуым керек. Мен Джошуаның жоспарын білемін. Оның кез-келген соққысына жауабым дайын. Алты жыл бокспен шұғылданып, өз мақсатыма жеттім. Енді бұл белбеулерді ешкімге ұстатқым келмейді», – дейді Энди Руис.
Джошуа мен Руис аса ауыр салмақта WBA, IBF, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Токио олимпиадасының марафоны Саппорода өтеді
Халықаралық олимпиада комитеті Токиодағы ойындардың бір бөлігін Саппоро қаласына ауыстыру туралы шешімді ресми бекітті. Атап айтқанда, спорттық жүріс сайыстары мен марафон Хоккайдо аралындағы қалада өтеді. Бұл шешіммен халықаралық жеңіл атлетика федерациясы да келісті. Енді Токио олимпиадасындағы марафон мен спорттық жүріс Саппородағы үлкен саябақта ұйымдастырылады. Шілде-тамыз айларында Жапония астанасында қапырық ыстық болады. Сондықтан мамандар жеңіл атлеттер сайысының бір бөлігін Токиодан 800 шақырым жердегі аралаға ауыстыруды жөн көріпті. Спортшылар мен жаттықтырушыларға ыңғайлы болуы үшін жарыс күнтізбесіне де өзгеріс енгізілді. Әйелдер марафоны 8 тамызға шегерілді. Ерлер арасындағы жарыс олимпиаданың соңғы күні өтеді. Спорттық жүрістен жігіттер алтыншы тамызда сайысқа түссе, әйелдер келесі күні бәсекеге араласады.

06 желтоқсан 2019 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031