» » Лондондық оқушылар Қазақстан туралы мәліметтерге қанық болды

Лондондық оқушылар Қазақстан туралы мәліметтерге қанық болды

Ұлыбританияда Балаларды қорғау күні қарсаңында қазақстандық дипломаттардың балалары ағылшын құрдастарына өз елі жайлы баяндап берді. Лондондық мемлекеттік орта мектептің оқушылары Ұлы дала елі жайлы ақпаратты бар ынтасымен тыңдап, мәдениетімізге деген қызығушылықтарын танытты. Millbank Academy мектебінде білім алатын қазақстандық балалар ұлттық нақышта тігілген киімдерін жөндеп әлек. Балалар көк түсті, қыздар қызыл түсті әдемі қамзол киген. Сәлден кейін олар өз сыныптастары, яғни Тұманды Альбионның кішкентай азаматтары алдында өнер көрсетеді. Соңғылары да көп нәрседен дәмелі. Көпшілігі Қазақстан жайлы аз-кем білетіндей. Бірақ алдымен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Жанболат Үсенов мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне еліміздің жетістіктері, бай мәдени-тарихи мұрасы, туристік әлеуеті туралы баяндап берді. Сондай-ақ шара барысында Қазақстанның әсем табиғаты мен Астанасы жайлы түсірілген бейнефильм де көрсетілді.  Фредерик Эпплби, Millbank Academy мектебінің мұғалімі: - Бұл біз үшін ерекше тәжірибе болды. Географиялық тұрғыда Қазақстан бізден алыста орналасқан. Мәдени тұрғыда да Англиядан өзгешеленеді. Біз үшін би тамашалап, ән тыңдау, әдемі ұлттық костюмдерді көру өте ерекше әсер сыйлады. Шынымен де балалар көпшілікті ән-биімен таң-тамаша етуге тырысты. Қазақстанның Әнұраны және қазақтың халық биі ешкімді де бейжай қалдыра алмады. Айнұр Шүлкенова: - Біздің балаларымыз осы жерде ағылшын болсын, басқа ұлттардың өкілдерімен бірге оқып жатқаннан кейін олар үнемі Қазақстаннан екенін үлкен құрметпен, мақтанышпен айтып жүргені өте маңызды. Біздің ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу біздің азаматтық борышымыз деп санаймын. Шараға 200-ге жуық бала қатысты. Олардың арасында өзге мемлекеттен келген оқушылар да бар. Кездесу соңында қазақстандық дипломаттар Millbank Academy мектебіне Қазақстан жайлы кітаптар табыс етті.
01 маусым 2018 ж. 2 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930