Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль
Фото: vlast.kz
Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Корея мен Қазақстан 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнатқалы бері етене ынтымақтастық байланысты дамытып келеді. Дипломатиялық қатынас басталған сәттен бері екі ел арасындағы сауда көлемі 500 еседен астам ұлғайды. Нәтижесінде, Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды», деді Корея Президенті.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың серпінді кеңеюіне қос мемлекеттің бірін-бірі толықтырушы өнеркәсіптік құрылымға ие болуын, ал берік сенімді қарым-қатынастарға аралас циклді Қарабатан ЖЭС және Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) сияқты ортақ табыстарды мысалға келтіруге болады.
«Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қолдаудың институционалдық базасы өткен жылы Сауда мен инвестицияларды ілгерілету туралы негіздемелік келісімге (TIPF) қол қою арқылы күшейтілді. Бұл сапар маңызды минералдар, өңдеу өнеркәсібі және инфрақұрылым сияқты салалардағы ынтымақтастықтың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», деді Юн Сок Ёль.
Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Корея Республикасының Президентінің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.