» » Елбасы «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті

Елбасы «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін С.Вознякқа ризашылық білдіріп, оның пленарлық отырыста сөйлеген сөзінің мазмұнды әрі өзекті болғанын айтты. Қазақстан Президенті эмиссиялық орталықтар арқылы бақыланбайтын криптовалюталардың пайда болу себебі әлемде бір ғана валютаның үстемдік етуіне байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан есеп айырысу кезінде ұлттық валютамен қатар басқа да валюталарды пайдаланатынын атап өтті. С.Возняк осындай жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға, жаһандық сын-тегеуріндерге қатысты өз ойын ортаға салуға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. «Валюталардың сымсыз байланыстан айырмашылығы, ешқашан универсалды болған емес. Дей тұрғанмен, криптовалюталардың үлкен артықшылығы олардың бақылауға алынбайтындығында, дамуының тежелмейтіндігінде және универсалды әрі жаһандық валютаға айналатындығында», – деді компания жетекшісі. Кездесу барысында тараптар цифрландырудың жекелеген мәселелерін және криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады.

18 мамыр 2018 ж. 1 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930