» » Түркия компаниясы Қазақстанда алтын іздеумен айналысатын болды

Түркия компаниясы Қазақстанда алтын іздеумен айналысатын болды

Жоба мақсаты – пайдалы қазбалардың перспективалы орындарын анықтау.

Қазақстан мен Түркияның тау-кен компаниялары геологиялық барлау бағытында бірлескен жобаны қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба мақсаты – пайдалы қазбалардың перспективалы орындарын анықтау.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бақыт Шіршікбаев пен D Mineral директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ильхан Пойраз бірлескен құжатқа қол қойды.

Геологиялық барлау жұмыстары сәтті жүзеге асырылғаннан кейін мүдделі тараптар бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

«Негізгі келісімге қол қойылғаннан кейін екі жақ геологиялық барлауға лицензия алып, бірлескен кәсіпорынды құру жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға кіріспек. Осы ретте бірлесіп қолға алынған жоба алтын кен орындарын іздестіруге бағытталатынын айта кетейік. Геологиялық барлау жұмыстарына қаражат бөлуді түркиялық тарап өз жауапкершілігіне алғаны белгілі болды», - делінген ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Айта кетейік, D Mineral компаниясы Dimin Group (Түркия) холдингінің құрамына кіреді. Негізгі қызмет бағыты – темір кені мен мыс өндіру.
14 сәуір 2023 ж. 7 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 206

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930